Ақмола облысында аз қамтылған отбасылардағы 100 бала Бурабайда тегін демалатын болады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында аз қамтылған отбасылардың балаларына Бурабай ауданының «Континент» балаларды сауықтыру орталығында демалу үшін жолдамалар тапсырылды.

Облыстық мәслихаттың депутаты Павел Безвербный он екі жылдан бері балаларды қорғаудың халықаралық күні қарсаңында демалыс орындарына баруға жолдама беруді дәстүрге айналдырыпты. Биылғы жылы да 100 балаға арнайы жолдама бөлініп, соның бесеуі көкшетаулық балғындарға бұйырды, қалғандары облыстың аудандары мен қалаларының балаларына партияның аудандық бөлімшелерінде тапсырылмақшы.

Салтанатты түрде тапсыру шарасы партияның «Бақытты балалық шақ» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аталған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Ғайса балғындарды алдағы 1-маусым мерекесімен құттықтап, оларға жарқын болашақ тіледі.

Сонымен қатар, шара барысында ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қарым-қатынасты нығайтуды, ересектер қауымының балаға көп көңіл бөлуін қажеттігін арттыру мақсатында семинар-тренинг өткізілді.

Соңғы жаңалықтар