Ақмола облысында айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерден 8 600 000 теңге өндіріп алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлері әкімшілік айыппұл салынған 5111 адамнан 8 600 000 теңге өндіріп алды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Үш күн бойы жүргізілген «Борышкер» жедел - алдын алу шарасы барысында құқық қорғау органдары мен сот орындаушылары облыс аумағындағы мойнында әкімшілік айыппұлы бар 5111 адамды мекенжайы бойынша тексерді. Нәтижесінде әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерден осынау азаматтардан 8 600 000 теңге өндіріліп алынды.

Жедел - алдын алу шарасы барысында жыл басынан бері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 200 адамның жұмыс орнына ескертпе жіберілді. Сондай-ақ, 861 әкімшілік заңбұзушылық анықталып, 7 000 000 теңге көлемінде айыппұл салынғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар