Ақмола облысында айналасы 4 күннің ішінде 84 мас жүргізуші ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлерімен жүргізілген «мас жүргізуші-қылмыскер» жедел алдын алу шарасы аясында айналасы 4 күннің ішінде 84 адамның мас күйінде көлікке отырғаны анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің айтуынша, «мас жүргізуші-қылмыскер» жедел алдын алу шарасы 7-20 сәуір күндері аралығында қолға алынған. Бұған 400-ге жол сақшысы тартылып, олар күн сайын көлік қозғалысын бақылап отырды. Нәтижесінде айналасы 4 күннің ішінде 1800 жол қозғалысы ережесі бұзылып, 84 автокөлік иесі темір тұлпарларын мас күйінде тақымдағаны анықталды.

Сондай-ақ, жылдамдықты шамадан тыс асырған 269 адам, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 346 адам және көлікпен жүріп келе жатып ұялы телефонымен сөйлескен 116 адам жауапкершілікке тартылса, 148 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін заң алдында жауап беретін болды.

Қазір кезде, мас күйінде рөлге отырған жүргізушілер екі жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, полицейлер айдың соңында «Жол қозғалысы жөнінде» жаңа заңның күшіне енетінін, онда ішімдік ішіп алып, рөлге отырған жүргізушілерге жазаның бұдан да қатаң болатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар