Ақмола облысында әйел 5-қабаттан құлап көз жұмды
2022 жылғы 24 мамыр 17:20

Ақмола облысында әйел 5-қабаттан құлап көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 23 мамырда болған.

«Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Қосшыда 3 жасар бала терезеден құлап кетті.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT