Ақмола облысында аязда қалып қойған бірқазан құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданының тұрғыны жылы жаққа ұшып кете алмаған бірқазанды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасай отырып.

«Маған Саят есімді жігіт ағасы екеуі ауладан бірқазан тауып алғандарын жазды. Олар мені іздеп, Инстаграм желісінен тапқан.

Әзірге құстың жағдайы белгісіз. Олар бірқазанды қораға қамапты. Құстың алдына жем мен барлық қажеттіні қойған.

Ертең инспектормен бірге бірқазанды алып кету үшін Ерейментауға барамыз», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында.
Желі пайдаланушылардың жазуына қарағанда бұл құс бұйра бірқазан болуы мүмкін деген. Бұйра бірқазан сиреп кеткендіктен Қызыл кітапқа енгізілген. 

Айта кетерлігі, қазір Ақмола облысында қар түсті, түнгі уақыттарда аяз  20 градусқа дейін жетуде. Қатты суықта жылы жаққа бейімделген құстар тірі қалуы екіталай. 

Еске сала кетсек, кеше Солтүстік Қазақстан облысының инспекторлары 16 аққуды аяздан құтқарды.

Соңғы жаңалықтар