Ақмола облысында автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушылар тасымалдаған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында мас күйінде рульге отырған жолаушылар автобусының жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің дерегі бойынша жүргізуші Атбасар ауданы аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында ұсталған.

«Маусымның 19-ы күні жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Екатеринбург-Алматы» күре жолының 1037 шақырымында «ПАЗ - 32054» автобусын тоқтатты.

Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің аузынан алкогольдің исі бұрқырап тұрды. Кейін медициналық сараптама қорытындысы бойынша дəрігерлер жүргізушінің жеңіл дəрежеде мас екенін анықтады. Автобус Атбасар ауданындағы Бастау ауылынан Атбасар қаласына бағыт алған», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде жүргізушінің үстінен ҚР ƏҚбК 608 бабының, 1 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған санкция бойынша жүргізуші 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылуы мүмкін. Жедел алдын алу шарасының алғашқы күні облыс бойынша барлығы 66 рет жол жүру ережесі бұзылған.

Соңғы жаңалықтар