Ақмола облысында ауызсу өндіретін жаңа кәсіпорын іске қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында ауызсу өндіретін жаңа кәсіпорын іске қосылды.

Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Green Products» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы болып табылатын бұл кәсіпорында «SAYAWATER» маркалы ауызсу шығарылады. Кәсіпорынның қуаты сағатына 1,5 тонна ауыз су шығаруға жетеді.

Мұнда жаңа технология бойынша 0,5, 1 және 1,5 литрлі пластикалық бөтелкеге құйылған газдалған және газдалмаған сулар өндіріледі.

Кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі - онда суды өндіріп қана қоймай, сақтап және тұтынушыларына жеткізіп беру мәселесі де қарастырылған. Осының арқасында қазірдің өзінде кәсіпорында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Алдағы уақытта кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып, өнім түрлерін көбейтпек.

Соңғы жаңалықтар