Ақмола облысында ауылға киік кіріп кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қорғалжын ауылына киік кіріп кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбадағы куәгерлердің айтуынша, оқиға жақында Қорғалжын ауылында болған. Жазбадан киік текесінің ауыл көшесінде жүргенін көруге болады.

Ол тіпті, адамдар мен көліктен де қорықпайды. Тұрғындар ауыл ішінде «күтпеген қонақты» видеоға түсіріп, таратып жатыр.

Ауыл тұрғындары бұл жалғыз киік емес, бірнешеуі келді деп отыр.

Тұрғындардың айтуынша, ен далада адамның көзіне түсе бермейтін киіктер боранда қалың қарда жүре алмай, ашыққаннан ауылға келген.

Сол себепті тұрғындар жабайы аңдарға жемшөп беруде.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында киіктердің қырылуы қаупі төнген болатын.

Ақмола облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсан айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында 25 мың киік саналды.

Қыс айларында ауа райының күрт бұзылуы өңірде қыстап қалған киіктерге қауіп төндірген болатын.




Соңғы жаңалықтар