+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақмола облысында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны жалғасуда

2021 жылғы 8 қазан 10:21
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны жалғасуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны ауылдық округтерде жалғасуда. Жоба шеңберінде Целиноград ауданында түрлі іс-шаралар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Субсидиялау жүйесі ірі агроқұрылымдардың игілігі үшін жұмыс істеп тұр - Мұхтар Жұмағазиев «Ветеринария» мамандығын бітіргендердің  қанша пайызы жұмысқа орналасты Соңғы үш жылда елімізде ветпрепараттардың жартысы импортталған

Жаңаесіл және Нұресіл ауылдық округтерінде ауылдардың жетістіктерін көрсету бойынша салтанатты жиналыстар ұйымдастырылды. Оған еңбек ардагерлері, ауылдардың, кенттердің еңбеккерлері, агроөнеркәсіптік кешеннің озаттары қатысты.

Қатысушылар мен қонақтар үшін жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмелері, фотогалериялары, жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, тұрғындар ауылдар мен кенттер тарихындағы қызықты оқиғалармен, халықтық қолөнер элементтерімен танысып, жаңа, сапалы ет, сүт және жеміс-көкөніс өнімдерін, бал, кондитерлік өнімдер, көкөніс тұздықтары, жидек джемі және басқа да азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып алды.

Қатысушыларды құттықтай отырып, аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова еңбек ардагерлеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

«Сіздердің еңбектеріңізбен біздің рухани және материалдық байлығымыз жасалды, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы дамыды, тың жерлер игерілді. Сіздер Тәуелсіз Қазақстан халқына еңбектегі батырлықтың, шынайы патриотизмнің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің көптеген үлгісін көрсеткен жасампаздардың ұрпағысыздар. Бүгін де сіздер аудан өміріне белсене қатысып, шетте қалмай келесіздер», - деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласының 40 өкілі, соның ішінде өндіріс озаттары, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT