Ақмола облысында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өңірде ауылдардың жетістіктерін көрсету бойынша «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны басталды. Жоба аудандарда отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкелерін өткізуден басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.


Бұл марафон аудан орталықтарында, ауылдық округтерде, ауылдар мен кенттерде қазан айында өтеді. Жобаның негізгі мақсаттары - Тәуелсіздік жылдарындағы ауылдардың, ауылдардың, кенттердің жетістіктерін көрсету, ауылдық елді мекендерді тұрақты дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Жақында Аршалы ауданында жергілікті тауар өндірушілер өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен атап өткендей, Аршалы кентінің орталық алаңында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде тұрғындар ет және сүт өнімдерін, көкөністер, бал және басқа да өнімдерді төмен бағамен сатып алды. Астық, арпа, сұлы, шөп және сабан үлкен сұранысқа ие болды. Жәрмеңкеде жергілікті ірі кәсіпорындар - «Агрофирма «Поиск« ЖШС, «Николаевское« ЖШС, «Ижевский« ӨК, «Балашов« ШҚ, «Питковский« тәрізді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдері ұсынылды. Іс-шарада ерекше жеңілдіктер қарастырылған егде жастағы адамдарға ерекше назар аударылды.

»Мен қаймағы алынбаған сүттен жасалған сүзбе, сапасы жақсы сары майды қолайлы бағамен сатып алдым. Мұндай жәрмеңкелер тұрғындарға қыста қажетті азық-түлік жинауға мүмкіндік береді. Бұл ыңғайлы, себебі барлық қажетті заттарды бір жерден сатып алуға болады«, - деп бөлісті кент тұрғыны Райкүл Закүмбаева.

Айта кетейік, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында облыста бірқатар іс-шаралар өтеді. Олардың қатарында белсенді жастардың фермерлермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен, агроөнеркәсіптік кешеннің озаттарымен кездесулері, «Ауыл – ел бесігі« әлеуметтік желілердегі суреттер конкурсы, білім беру ұйымдарында ашық сабақтар, Тәуелсіздік жылдарындағы ауыл шаруашылығы саласындағы аудандар мен қалалардың жетістіктері туралы фотокөрмелер бар.



Соңғы жаңалықтар