Ақмола облысында ауыл тұрғындары мектепті сақтап қалу үшін он бір бала асырап алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Зеренді ауданындағы Қошқарбай ауылының тұрғындары жасаған ізгі амалдар естіген адамның жүрегін елжіретеді. Ауылдағы мектеп жабылудың аз-ақ алдында тұрған сәтте ауыл тұрғындары балалар үйінен он бір баланы асырап алуға бел буды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қошқарбай тауының етегіне қоныстанған ауылдан жастар кетіп жатыр.





«Адамдардың ірі қалаларды жағалап кетуінің салдарынан жыл сайын ауылдағы балалар саны азайып барады. Екі жыл бұрын 9 жылдық мектеп оқушылардың аздығынан жабылудың алдында тұрды. Мен сол кезде директор едім, ауыл мектебін сақтап қалудың неше түрлі жолын қарастырдым. Егер ол жабылса, қалған үйлер де көшіп кететін еді. Бір күні теледидар көріп отырып, Елбасының Қазақстанда балалар үйі көп екендігі, балаларды бауырға басып, олардың қысқарту қажеттігі жайлы білдім», - дейді өмірінің 20 жылын ауыл мектебіне арнаған Мүслима Хасенова.

Ауылдастарына осындай ойын айтқан педагогты көпшілік қолдай кетті. Аудандық білім бөліміндегілер де ауыл тұрғындарының бұл идеясын мақұлдады. Мектеп қазақ тілінде сабақ беретіндіктен, қазақ тілінде сөйлейтін балалар қажет болды.





«Сондықтан Ақкөлдегі балалар үйіне бардық. Бірнеше отбасы сол жердегі балаларды асырап алды. Біз Талғатты бауырымызға бастық. Содан кейін ауылымыздың өзге тұрғындары да үлгі алды», - дейді М. Хасенова.

Балаларды асырап алудан бұрын ата-аналардың барлығы арнайы семинардан өтті. Қазір олардың бәрінде сертификат бар.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда тағы бірнеше отбасы бала асырап алу жайын ойластырып отыр. Мүмкін, Қошқарбай ауылынан Қазақстанның басқа ауылдары да үлгі алар?

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар