Ақмола облысында ауыл еңбеккерлері марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Ақмола облысында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны жалғасуда. Бұл ретте, Есіл ауданының ауылдары мен ауылдық округтері егемендік алған жылдары жеткен жетістіктерін көрсетуді ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырумен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны Есіл ауданының Знаменка ауылында жалғасты. Бұл күні ауыл тұрғындары үшін жарқын және мерекелік көңіл күйде болды. Шара барысында ауыл тарихына арналған көрмелер ұйымдастырылды, аудандық мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт және ауылдың еңбек сіңірген қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Шарада ауыл әкімі еңбек ардагерлері, ауыл еңбеккерлері, ауыл шаруашылығының озаттарын құттықтады.

«Көп жылдар бойы өз күш-жігерін аямай, ауыл мен ауданның әл-ауқатын арттыруға ұлес қосқан жерлестерімізге ерекше алғысымды білдіремін. Біз оларды мақтан тұтамыз! Б ұл мереке-ауылдың, мәдениеттің және тарихтың жандануы. Бұл біздің ауыл үшін өте маңызды оқиға. Біз барлық жетістіктер мен оқиғаларды бір күнде біріктіре алдық «, – деді Знаменка ауылының әкімі Рүстем Бірлесұлы.

Ауыл тұрғындары мерекелік бағдарламаға белсенді қатысты. Ұйымдастырушылар дастархан жайып жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Осылайша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған ауыл мерекесі жоғары деңгейде өтті. Жас ұрпақ еңбек және тың игеру ардагерлерімен жақынырақ танысты.

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафонының басты идеясы – ауылда тұратын барлық халықтардың достығы мен бауырластығын нығайту, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды сақтау, ауыл шаруашылығын дамыту.

Шара соңында белсенді ауыл тұрғындары Алғыс хат және грамоталармен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар