Ақмола облысында «Ауыл – ел бесігі» мембағдарламасы шеңберінде бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ауылда тұру үшін қолайлы орта құруға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41 жоба жүзеге асырылуда. 12 ауылдық елді мекенде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары мен жолдардың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бүгінгі күні 14 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Оның ішінде облыстың алты ауданындағы жолдарды орташа жөндеу бойынша 10 жоба және білім беру саласындағы 4 жоба бар. Нақтырақ айтсақ, Атбасар ауданы Бастау ауылының орта мектебін, Астрахан ауданы Жалтыр ауылының №4 орта мектебін күрделі жөндеу, Бурабай ауданы Қызылағаш ауылының орта мектебінің шатырын қайта жаңарту және Сандықтау ауданы Балкашино ауылының «Мирас» балабақшасын күрделі жөндеу жұмыстары бар. Енді балалар ыңғайлы жағдайда оқып, арнайы кабинеттерде – физика, химия, география сияқты пәндерден білім ала алады.

«Бізде 24 жоба аяқталу сатысында. Осы айдың аяғында Аршалы ауданының аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады. Ай басында Бұланды ауданы Капитоновка ауылының су құбыры желілері қайта жаңартылды. Төрт елді мекенде жұмыстар жалғасуда», - деп атап өтті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасындағылар.

Жақында Красный Яр ауылындағы жолдарды жөндеу аяқталды. Мұнда жұмыс осы жылдың сәуір айында басталды. Мердігер «Көкше АгроИнвест» ЖШС болды. Үш ай бойы 24 көшеге асфальт төсеу үшін дайындық жұмыстары жүргізілді –қиыршық тас төсеу, су өткізу құбырлары орнатылды, жаздың ортасынан бастап мұнда 14 шақырымға созылған жолдар жөнделді. Мұндай жобаларды жүзеге асыру кент тұрғындарының өмір сапасына оң әсер етеді.

Айта кетейік, үш жоба келесі жылы аяқталады, оның ішінде Атбасар ауданының Бастау ауылында жастардың бос уақытын өткізу орталығының, Целиноград ауданының Ақмол ауылында ДСК құрылысы және Красный Яр ауылында жылумен жабдықтаудың сыртқы желілерін жөндеу бар.

Соңғы жаңалықтар