Ақмола облысында ауыл балаларына арналған футбол турнирі өтеді
2021 жылғы 10 қыркүйек 19:33

Ақмола облысында ауыл балаларына арналған футбол турнирі өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауыл балаларына арналған Sun Finance Cup кезекті футбол турнирі өтеді. Турнир 19 қыркүйек күні басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа барлығы 8 команда, яғни 100 бала қатысады.

Бұл Маңғыстау және Ақтөбе облысынан кейін ұйымдастырылып отырған үшінші аймақтық турнир. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.

Одан өзге «Үздік бомбардир», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша үздік ойыншылар анықталып, марапатталады.

Жалпы #ауылфутбол жобасы 2020 жылдың қаңтар айында Алматы облысының Райымбек ауылында басталған болатын.

Белгілі журналист, әлеуметтік белсенді Серік Мәмбетов ауыл балалары арасында бұқаралық спортты насихаттауға, оның ішінде футболды дамытуға тікелей бастамашы болып келеді.

Жобаның негізгі идеясы - ауылдағы балалар футбол командаларына қолдау жасау.


Jańalyqtar

MURAǴAT