Ақмола облысында ауыл әкіміне пара бермек болған әйелге 11,148 миллион теңге айыппұл салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауыл әкіміне пара бермек болған әйелге 11,148 миллион теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған департамент қызметкерлерінің мәліметі бойынша, Ақмола облысының тумасы, Астана қаласының тұрғыны, азаматша Целиноград ауданындағы селолық округ әкіміне заңсыз басып алған 5 жер теліміндегі құрылыстарды заңдастырып беруі үшін пара ұсынған.

«Бурабай ауданының аумақтық бөлімі» филиалының бұрынғы мемлекеттік сот орындаушысына қатысты Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері жүргізген тергеу амалдарына Целиноград аудандық соты соңғы нүктесін қойды. Соттың шешімімен пара бермек болған әйел кінәлі деп танылып, оған 11 148 000 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар