Ақмола облысында аудандық мәслихат депутаты көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасына өз қаржысына үй алып берді

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Астрахан аудандық мәслихатының депутаты көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасына үй сатып әперді. Бұл жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Светлана Потапчук хабарлады.

Оның айтуынша, өткен демалыс күндері аудан басшылары мен аудандық мәслихаттың депутаты «СХП Кызылжар» ЖШС-нің директоры Жанат Ыбрайымбеков Жарсуат ауылдық округіне қарасты Ягодное ауылында болып, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасына ізгілік көмек көрсетті. Осы орайда, аудандық мәслихаттың депутаты табиғат апатынан үйін су шайып, жарамсыз болып қалған А.Кузьменконың отбасына өз қаражатынан осы ауылдан үй сатып әперді.

Еске сала кетсек, Колутон, Аршалы және Боқсұқ өзендерінің түйісер жерінде орналасқан Ягодное ауылы - аудандағы көктемгі су тасқынынан едәуір зардап шеккен елді мекендердің бірі. Әсіресе, А.Кузьменконың үйіне біраз зақым келіп, арнайы комиссияның шешімімен жарамсыз деп танылған болатын.

«Су тасқыны кезде аудан әкімі Талғат Ерсейітов аудандық мәслихат депутаттары мен нұротандықтарға жапа шеккендерге көмек көрсету жөнінде ұсынысын білдірген болатын. Осы кезде Ягодное ауылы өзімнің сайлау округім болған соң мен де қарап тұра алмадым. Депутаттық фракция отырысында бірден қиын жағдайға тап болған Кузьменконың отбасына үй сатып әперетінімді айтқан едім. Енді соны жүзеге асырудың сәтті түсіп отыр», - дейді депутат.

Соңғы жаңалықтар