Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының тұрғындары өңірде күшті жел тұратыны туралы ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

19 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 метр болады.

Көкшетауда 19 қыркүйек күні оңтүстік-батыстан соқан желдің жыдамдығы секундына 20 метрге жетеді. Жел күшеюінің ықтималдылығы 85-90 метр.


Соңғы жаңалықтар