Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында және Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола облысында 24-25 күндері кей жерлерге тұман түсуі мүмкін. 24 қыркүйекте күндіз кей жерлерде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

24-25 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін күн суытады. Астанада 24 қыркүйек күні түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал

Соңғы жаңалықтар