Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2018 жылғы 23 шілде 16:19

Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

24 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде нөсер жауып, найзағай ойнайды және дауыл болып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Астанада 24 шілдеде күн күркіреп, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыс, солтүстік желінің жылдамдығы 15-20 м/с деп болжануда. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT