Ақмола облысында атыс туралы жалған хабар берген ер адам істі болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында атыс болғаны туралы жалған хабар берген 53 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 21 тамыз күні Еңбекшілдер аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Еңбек ауылының маңындағы бөгенде бейтаныс адамның демалушыларға оқ атқанын айтқан.

Оқиға орнына дереу жеткен жедел тергеу тобы маңында түгел сүзіп шығып, тұрғындардан сұрастырған.

Жедел қолға алынған шара барысында ақпарат расталмады.

Осыған байланысты жалған ақпарат берген 53 жастағы жергілікті тұрғынның үстінен ҚР 419-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде күдікті өзінің кінәсін толықтай мойындап, өзінің әрекетін мас күйінде жасағанын айтып ақталуда.

Соңғы жаңалықтар