Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Ақмола облысында Атбасар аудандық ІІБ бастығы парамен ұсталды

2017 жылғы 12 қазан 12:00 185
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында Атбасар аудандық ІІБ бастығы парамен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Түбеков Ш.А.-ның қылмыстық қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақмола облысы, Атбасар ауданының әкімі Никишов А.Н.-ге қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Атбасар аудандық ІІБ бастығы полиция подполковнигі Түбеков Ш.А.-ның қылмыстық қызметінің жолын кесті.

Тергеуде Түбеков Ш.А. үстіміздегі жылдың маусымынан бері көші-қон заңдылығын бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапқа тартылмау үшін «Лана НҚК» ЖШС директоры Шайкенов Е.Р.-дан пара алып келгендігі анықталды» - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарламасында.

400 мың теңге мөлшеріндегі кезекті параны алғаннан кейін Түбеков Ш.А. қылмысы әшкереленіп, 11 қазанда ұсталып, Көкшетау қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Өз айыбын толық мойындағандықтан, Шайкенов Е.Р.-ға қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT