Ақмола облысында асыл тұқымды башқұр жылқысы мен қалмақ сиырын өсіру қолға алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі С.Кулагиннің Ерейментау ауданына жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы өңір басшысы «Жаңа Береке» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруашылық 2013 жылы қалмақтың асыл тұқымды 93 бас сиыры мен 5 бас бұқасын және 5 бас дон жылқыларын сатып алды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақмола облысында асыл тұқымды башқұр жылқылары мен қалмақ сиырларын өсіру қолға алынған.

Шаруа қожалығы еліміздегі қалмақ және голловей тұқымды мал өсіретін Республикалық палатаның құрамына кіреді. Өткен жылы ірі қара саны 589 басқа жетті. Оның 326-ы сиыр, 5-уі бұқа. Сондай-ақ, асыл тұқымды башқұр жылқылары да сатып алынды. Олардың саны қазір 109-ға жетіп отыр.

Шаруашылықта 300 бас ірі қараға арналған 5 мал қорасы бар. Сонымен қатар, 1750 гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер болса, оның 1700 гектарын мал жайылымы, 50 гектарын бордақылау алаңы құрайды.

2015 жылы 3000 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын салу жоспарланған. Шаруашылықта 15 адам жұмыс істейді. Олардың орташа айлығы 40 мың теңге көлемінде. Осы орайда, облыс әкімі ауылдық жерлерде мал шаруашылығы дөңгелетіп отырған шаруашылықтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар