Ақмола облысында астықтың төрттен бір бөлігі жиналды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында дән және дәнді дақылдардың төрттен бір бөлігі жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мəліметі бойынша, бүгінгі күнге дейін 1 миллион 132,7 мың гектар жердің егіні немесе барлық егіс алқабының 26, 2 пайызы орылып, 1 миллион 110 мың тонна астық жиналды. Дəнді дақылдардың əр гектарынан облыс бойынша орташа өнім 9,6 центнерден айналуда.

«Майлы дақылдар 11,1 мың гектар аумақта, картоп - 3,5 мың гектар және көкөніс 1,3 мың гектар жерде жиналды», - деп атап өтті ведомстводан.

Мамандардың сөзінше, қолда бар ауылшаруашылық техникалары мен егістік алқаптарының аумағын есепке алып және ауа райының қолайлы сәттерін ұтымды пайдалану арқылы тәулігіне 160 мың гектар алқапта егін жинауға болады.

 «Жиналған астық өңірдегі жалпы сыйымдылығы 4,4 миллион тоннаны құрайтын  67 астық қабылдау кәсіпорындарына тасымалдануда. Оған қоса, ауыл шаруашылығы құрылымдарының еншісіндегі жалпы сыйымдылығы 2 миллион тонна болатын астық сақтау орындары бар», - деп толықтырды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар