Ақмола облысында астық түсімі гектарына 12,6 центнерден айналуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында астық түсімі гектарына орташа 12,6 центнерден айналуда.

Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлады.

Аталған басқарманың мәліметі бойынша бүгінгі күнге дейін облыста 1429,8 мың гектар алқаптың егіні орылып, оның 1233,8 мың гектары бастырылды. Бұл тиісінше барлық егіс алқабының 28,5 пайызы.

Облыс бойынша әр гектардан орта есеппен 12,6 центнерден астық жиналуда. Ал, Зеренді ауданында бұл көрсеткіш 14,5 центнерден асып отыр. Орақ науқанының 48,1 және 38,3 пайызын еңсерген Жарқайың және Есіл ауданының диқандары көш бастап келеді.

Соңғы жаңалықтар