Ақмола облысында астық қоймасында болған өрттен 445 тонна астық күйіп кетті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданындағы "Жасыл" ЖШС-нің астық қоймасында болған өрттен 445 тонна астық күйіп кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтық ТЖД жеке құрамынан 21 адам және өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы тартылған. Сондай-ақ курортты Бурабай стансасының 1 өрт сөндіру пойызы мен 6 адам, "Жасыл" ЖШС-ның 16 жұмысшысы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар