Ақмола облысында «Ashyq» бойынша жұмыс істейтіндер қосымша жеңілдіктерге ие болды
Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның №19 жаңа қаулысы мамырдың 27-нен бастап күшіне енді.
Бұл құжатқа сәйкес, қолданыстағы «Ақмола облысының аумағында шектеу карантин шараларын күшейту туралы» №14 қаулысына бірқатар өзгерістер енгізіледі.
Жаңа қаулыда банкет залдарында 30 адамнан аспайтын есеппен және бір адамға кемінде 4 шаршы метр алаңды қамтамасыз ету кезінде еске алу шарасын өткізуге рұқсат береді. Бұл нысандардың толымдылығы 30 пайыздан аспаған жағдайда сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал қосымша бойынша жұмыс істемейтін нысандарға 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Құжат бильярд, компьютерлік клубтардың, соның ішінде PlayStation клубтарының, боулинг орталықтарының жұмысын 00:00-ден 02:00-ге дейін ұзартады. Бұл ретте компьютерлік клубтарға 16 және одан жоғары жастағы адамдар ғана жіберіледі. Караоке осы кесте бойынша жұмыс істейді, бірақ 50 пайызға дейін толтырылуы мүмкін, 30 адамнан аспайды. Сондай-ақ, құжат лотерея клубтары мен лотереяны сатудың басқа нүктелерінің жұмысын қарастырады. Олар бір адамға кемінде 4 шаршы метр аумақты қамтамасыз ету кезінде және бір мезгілде 30 адамнан аспайтын уақытта жұмыс істей алады.
Еске сал кетейік, өңір әлі де «қызыл» аймақта қалып отыр: Алайда «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейтін нысандар енді қосымша жеңілдіктерге ие және «сары» аймақта жұмыс істейді.