+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақмола облысында ашық аспан астында музей ұйымдастырылды

2021 жылғы 7 мамыр 13:45
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында ашық аспан астында музей ұйымдастырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин музейінде Екінші жүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Майдангерлер мұрасы» атты көрме өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың есебін тыңдады Ақмолада балалар үйірмелерге тегін бара алады

Ведомствоның мәліметінше, ашық аспан астындағы көрмені ұйымдастыруға Ақмола облысы Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты, Ақмола облыстық соты мұражайларының қызметкерлері атсалысты.

Ақмола облысының Полиция департаменті музей қорынан экспонаттарды ұсынды, оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары Айдархан Бәйкенов пен Иван Емелиннің наградалары бар нысанды киім-кешектері, сондай-ақ архивті фотоқұжаттар, ордендер мен медальдар, атаулы пистолеттер, мылтықтар, салтанатты дойбылар, қынабы бар корттар және тағы басқалар бар.


Аты аңызға айналған 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясының құрамында соғысқан ҚР ІІМ Құрметті қызметкері Айдархан Бәйкеновтың марапаттарының қатарында І, ІІ дәрежелі Отан соғысы, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендері, сондай-ақ түрлі мерекелік медальдар болды.

Отставкадағы милиция полковнигі, соғыс ардагері Иван Емелин Екінші дүниежүзілік соғыстың I дәрежелі орденімен, екі «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «За оборону Советского Заполярья», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да жауынгерлік наградалармен марапатталды.

«Біз барлық ұрпақ өкілдерінің аты аңызға айналған жерлестеріміздің – Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларының, оның ішінде екі жүзден астам ішкі істер органдарының ардагерлерінің еңбегін білгенін және есте сақтағанын қалаймыз. Біздің мақсатымыз-олардың ерлік тағдырларын ешқашан ұмытпау», - дейді Амантай Ысқақова.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT