Ақмола облысында ангус тұқымды тана аукционда 1 млн. 300 мың теңгеге бағаланды

None
None
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Ақмола облысында асыл тұқымды ангус сиырларының төлдері аукционға түсті. Ал салмағы 560 келі тартқан бір жылдық тана 1 миллион 300 мың теңгеге бағаланып, рекорд жасады.

Бұл Қазақстан бойынша ұйымдастырылған тұңғыш аукцион. Серіктестік бір-екі жыл бұрын сонау Америкадан асыл тұқымды ангус, герефорд сиырларын әкелген болатын. Бұл мал содан бері өз төлі есебінен көбейіп, 3600 басқа жетті. Аукционға шығарылған 50 ірі қараның 45-і еш кідіріссіз сатылып кетті.

«Түбі бұл өз-өзін ақтайтын, екі жаққа да тиімді әдіс»,- деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев.  Өйткені, мұнымен жергілікті жерлердегі мал басын асылдандыруға мүмкіндік бар.

Соңғы жаңалықтар