Ақмола облысында «Ән арнаймын саған, Астанам!» фестивалі өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Астана күніне орай Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр кентінде «Ән арнаймын саған, Астанам!» фестивалі өтті. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз хатшысы Набира Эсенова мәлім етті.

«Көкше» мәдениет үйінде ұйымдастырылған фестивальге «Болашақ» мектепке дейінгі сауықтыру лагеріндегі балалар қатысты.

Шара барысында бүлдіршіндер «Туған жер», «Өз елім» сияқты әндерді нақышына келтіріп шырқады. Балалар елорданың «Хан Шатыры», «Триумф Астана», «Атамекен», «Думан», «Бәйтерек», «Бейбітшілік және келісім сарайы» сияқты ең көрікті жерлеріне фото-, бейнекөрсетілім арқылы «Менің жүрегім - Астана!» атты саяхат жасады. Фестивальдің ең қызықты, ең тартымды тұсы да осы болды.

Сонымен қатар бүлдіршіндерге «Астана - елдің бірлігі» кітап көрмесі де ұсынылды.

Мерекелік шара балалардың белсенділік танытуымен өткен викторинаға ұласты.

Соңғы жаңалықтар