Ақмола облысында алтын өндіру көлемі артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде алтын өндіру көлемі артатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрияландыру өңір экономикасын әртараптандырудың негізі болып қала береді. Өңірде Индустрияландыру картасы бойынша 276 млрд теңге сомасында 38 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 14-і биыл аяқталады. Бұл өңір экономикасына шамамен тартуға және 3,7 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, ірі жобалардың қатарында алтын өндірісін және оның жалпы республикалық көлемдегі үлесін 35 пайызға ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін екі алтын өндіру фабрикасының («RG Gold» ЖШС және «Ақсу Technology») құрылысы бар. Жобаны іске қосу облысқа түсті металлургиядағы көшбасшылық позицияны нығайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде өңір республикалық көлемнің үштен бір бөлігін өндіреді.


Соңғы жаңалықтар