Ақмола облысында алты ауданды су басу қаупі бар

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы елді-мекендерден 600 мың текше метр қар сыртқа шығарылған. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Рашит Әкімовтың қатысуымен өткен көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстарын пысықтау мәжілісінде айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Әбдіхалықовтың айтуынша, облыстағы Атбасар, Сандықтау, Астрахан, Зеренді, Шортанды және Целиноград аудандарында су басу қаупі бар көрінеді.

«Қар еріген кезде Вячеславский су қоймасынан 110-180 миллион текше метр су ағып өтеді деп жоспарланған. Бұл белгіленген мөлшерден яғни, 131 миллион текше метрден асып кетуі мүмкін. Сондықтан, осы жағдайға байланысты алдын алу жұмыстарын күшейту қажет», - дейді А.Әбдіхалықов.

Қазір облыс әкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, жауапты органдармен тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы бағытта бүгінгі күнге дейін облыстағы елді-мекендерден 600 мың текше метр қар шығарылған. «Казгидромет» болжамы бойынша облыс аумағында сәуір айының алғашқы күндері-ақ, қар ери бастайды. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары аталған аудандардың басшыларына көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстарын ширатуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар