Ақмола облысында «Алланың періштесі» жерленген жер бар

None
None
  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Жақсы ауданының Терісаққан ауылынан 18 шақырым жерде Терісаққан өзенінің оң жағалауында Қылышбай Нұқы баласы, руы Қырғыз бейіті бар. Жергілікті халық оны «Әулие бейіті» деп де атайды. Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Серік Ысқақовтың айтуынша, тарихи орын өңірдің киелі жерлері картасына еніп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарихи деректерге қарағанда Кенесарының 48 батырының бірі - Жекебатыр Терісаққан бойына қырғыздарды алып келіпті. Қырғыздар кейін Балуан көл мен Қасқа көл жайлауына (қазіргі Жарқайын ауданы) қоныстанған. Қылышбай әулие Жеке батырдың немере інісі. Қылышбай әулие шамамен 1846-1905 жылдары өмір сүрген. Оның 5 ұлы болыпты. Ол көріпкел және де өте турашыл адам болған делінеді. Қылышбай Ноқы баласының немересі Қозылдан ұрпақ болуға тиісті.

Қылышбай әулиенің шариғаты қазақ халқының салт-дәстүріне үйлесімді болған, оның замандасы Жүсіп қажы өзге молдаларды тоқтатып, «Қылышбайдың шариғатының қалай да болса қисыны бар деген екен».

Қылыш ата өте аруақты, молда кісі болған, ауырған адамдар қой сойып басына түнеген. Науқас, жетім қалған балалар мен қарт адамдарға көмектесті. Адамдарды байлардың әділетсіз шешімдерінен қорғаған. Адамдар оны «Алланың жіберген періштесі» деп атаған.

Бұл туралы жергілікті өлкетанушы Сақташ Әлсейітов, Тарғын Мақжановтың айтулары бойынша, сол кезде Терісаққан аулында 30 молда өмір сүрген екен, соның ішінде қадірлі және ардақтысы осы адам болған. Тың игеру кезінде көшіп келген орыстар Қылышбай бейітіне жақын жерді жырта алмаған екен. Жергілікті халықтың арасында молданың жасаған мейрімділігі мен адал еңбегі туралы әлі күнге дейін айтылып келеді. Қазіргі уақытта бұл бейіт киелі жер болып саналады.


Фото: img4.tourbina.ru

Соңғы жаңалықтар