Ақмола облысында алкоголь өнімдері сатылмайды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай кезінде Ақмола облысында алкоголь өнімдері және этиль спирті сатылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспановтың мәліметінше, бұл тыйымдар коменданттың жаңа бұйрығына сәйкес қолға алынып отыр.

«Өңірдің полиция департаменті бастығының кеше бұйрығы шықты. Осыған сәйкес, төтенше жағдай кезінде Ақмола облысында алкоголь өнімдері және этиль спиртін сатуға тиым салынады», - деді Ербол Оспанов.

Бұл ақпаратты Ақмола облыстық полиция департаментінен растады.


Соңғы жаңалықтар