Ақмола облысында алимент төлемеген азамат бес тәулікке бас бостандығынан айырылды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Жақсы ауданының тұрғыны алимент төлемегені үшін бес тәулікке қамалды. Бұл туралы облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жақсылық жігіт жеті жылдан астам уақыт бойы алимент төлеуден мүлдем жалтарып келген. Тіпті сот орындаушысының талаптарына да жүрдім-бардым қараған көрінеді. Қарыздың қордаланғаны сонша, біртіндеп жиналған қарыз 245 786 теңгеге жетіпті.

Бірнеше мәрте сот шешімін өз еркімен орындау туралы талап еттім. Болмағасын заң арқылы қатаң жаза қолданғанды жөн көрдім, - дейді аға сот орындаушысы Ерлан Сыздықпаев.

Атқару өндірісі бойынша әкімшілік материалдарын қарап шыққан Жақсы аудандық соты борышкер Әбілхасеновты 5 тәулікке қамауға алу туралы жаза тағайындады.

Соңғы жаңалықтар