Ақмола облысында алимент төлемеген 51 жастағы әке істі болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында алимент төлеуден қашып жүрген көкек әкелер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылы Ақмола облысы бойынша алимент төлеуден қашып жүрген 58 ер адамға іздеу жарияланып, оның 55-нің мекежайы анықталған.
«Балаларды асырап-бағуға арналған қаражатты төлеу міндетін орындамағаны үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа, ҚР ӘҚбК кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік тарту, сондай-ақ, бас бостандығын шектеу немесе 2 жылға дейін айыру мерзімі қарастырылған» деді ведомстводан.
ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, биылғы жылдың 13 қаңтарында Көкшетау қаласының полиция басқармасына 51 жастағы азаматтың алимент қарызын өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысынан ұсыныс түскен.
Онда Көкшетау қаласы тұрғынының 1 миллион теңгеден астам алимент қарызы бары айтылған.
«Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп толықтырды ведомстводан.
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді
- QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
- Интернет алаяқтық: Елордада 97 адам жауапқа тартылды
- Алаяқ әйел 4 өңір тұрғындарын алдап соққан
-
Шоқыну мерекесі: Ақмола облысында қандай талаптар сақталуы тиіс
-
Елордада есірткі сатушылар ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам