+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Ақмола облысында Алғыс айту күніне орай «Бір ел-бір тағдыр» атты форум өтті

2020 жылғы 28 ақпан 00:47
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында Алғыс айту күніне орай «Бір ел-бір тағдыр» атты форум өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және Алғыс айту күніне орай «Бір ел-бір тағдыр» атты облыстық форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХА ресми сайты мен «El.kz» интернет порталы бірыңғай интернет платформаға айналды

Көкшетау қаласындағы Қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жұмысы туралы бейнефильмі және Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының арнайы қойылымдарымен ашылған форумға мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары, «Жаңғыру жолы» жастар қанатының өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы 1-Наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атау жөнінде ұсыныс айтқан болатын. Бұл мереке содан бері қатарынан бес жыл қатарынан аталып өтіп келеді.

Биылғы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Тәуелсіз даму жылдарын өткерген қазақстандық жол - тұтастығын сақтамай тұрақты және күшті мемлекет құру мүмкін еместігінің нақты дәлеліне айналды. Біздің бүгінгі негізгі міндетіміз этносаралық келісім мен бірлікті сақтау және нығайту болып табылады»,-дей келе, аймақ басшысы Ермек Маржықпаев өңірде ақмолалықтар тарапынан жүзеге асырылып жатқан қайырымды істер туралы айтып өтті.

Осы ретте, ауылдастарының өмір жақсартуға атасалысып келе жатқан Иван Сауэр, Уәлихан Әріпов, Александр Закусилов, Жамул Мусханов, Владимир Стихиляс, Валерий Тюркин, Гүлназ Қабыкеева, Борис Козлов, Сайра Матайбаева, Алтынбек Құрманкұлов, Магамед Абуев сияқты азаматтардың есімдерін айтып, алғыс білдірді.

Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Болат Жанәділов, Атбасар және Сандықтау аудандарындағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының ақсақалы Әубәкір Зарахов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Астрахан аудандық «Маяк» газетінің редакторы Лидия Чернега, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Аслан Әбітәліпов сөз сөйлеп, қиын кезде өзге ұлттарды бауырына басқан қазақ халқына шексіз алғыстарын білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT