Ақмола облысында Алғыс айту күні аталып өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында Алғыс айту күні аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласындағы Қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова мен аталмыш кеңестің мүшесі Қайниза Қайриддинованың сөзімен ашылған шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары, «Жаңғыру жолы» жастар қанатының өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.

«Мемлекет басшысы 1-Наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атау жөнінде ұсыныс айтқан болатын. Бұл мереке төрт жылдан бері аталып өтіп келеді»,-дей келе, Айна Мысырәлімова өңірде ақмолалықтар тарапынан жүзеге асырылып жатқан қайырымды істер туралы айтып өтті.

Шара барысында чуваш этномәдени орталығының төрайымы Елена Мащинская, «Вайнах» облыстық шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев, Көкшетау қаласындағы №1 облыстық арнайы коррекциялық мектеп-интернатының директоры Ольга Бурдинская сөз сөйлеп, қиын кезде бауырына басқан қазақ халқына шексіз алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар