Ақмола облысында алғаш рет сайлауға қатысып отырған мектеп оқушысы өзінің пікірін білдірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бейбіт елді өмір сүріп жатқаныма өзімді бақытты санаймын. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауына алғаш рет қатысып отырған Щучье қаласындағы №3 орта мектептің 11-сынып оқушысы Алмаз Қалиев өзінің пікірін білдірді.

«Мен өзіме жаңалықтарды ашуға мүмкіндік беретін елде өмір сүріп жатырмын. Биыл алғаш рет сайлауға қатысып, өзім қалаған кандидатқа, яғни, еліміздің болашағы үшін дауыс беру мүмкіндігін алып отырмын. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған бұл саяси оқиғаны еліміз үшін маңызды деп ойлаймын. Мектеп бітірген соң оқумды жоғары білім ордаларында жалғастырып, еліміздің дамуына өз үлесімді қосатын боламын. Сол себепті, бейбіт елді өмір сүріп жатқаныма өзімді бақытты санаймын», - дейді А.Қалиев.

Соңғы жаңалықтар