Ақмола облысында әлеуметтік орталықта қызмет ететін жүкті әйел коронавирус жұқтырған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 14-ші сәуірдегі жағдай бойынша тағы екі адам коронавирус жұқтырды. Облыс бойынша аталмыш дертке шалдыққандар саны 73-ті құрады, оның төртеуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Көкшетау қаласының тұрғыны 1995 жылғы әйел COVID-19 табылған 1998 жылғы ер адаммен жақын байланыста болған. Ол наурыздың 25-де қонаққа барған, онда Алматыдан келген қонақтар болған.

Жалпы, аталмыш отбасы бойынша 6 адамның байланыста болғаны анықталды. Оның 4-уі үй карантиніне алынған. Яғни, 2005 жылғы жасөспірім Ақмола облыстық көпейінді облыстық балалар ауруханасының, ал 1967 жылғы ер адам Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің провизорлық станционарына асқынған респираторлы вирусты инфекция диагнозымен жатқызылды.

Осы жағдай бойынша байланысты болған 31 адам анықталды. Олардың ішінде 27 адам жақын байланыста болса, тағы 4 адам сол байланыста болғанадамдармен қатынасқан. Олардың арасында 4 адам карантиндік станционар және 2 адам првизорлық станционарға орналастырылды», - дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ведомстводан атап өткендей, Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізуде.

«Екінші жағдай Целиноград ауданында 1994 жылғы жүкті әйелден (жүктілігі 18-20 апта) анықталды. Ол «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында санитар болып жұмыс істеген, осында коронавирус табылған адаммен байланыста болғандықтан карантиндік станционарда жатқан», - деп толықтырды денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Айта кетейік, қазіргі кезде өңірдегі станционарларда барлығы 364 науқас бар, оның ішінде 65 адам инфекциялық, 183 адам провизорлық және 116 адам карантиндік станционарда. Ал, үй карантинінде 554 адам бар.


Соңғы жаңалықтар