Ақмола облысында әлеуметтік бағытта 34 шара жүзеге асырылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2018-2019 жылдар аралығында әлеуметтік бағыттағы жеке бастамалардың шеңберінде 34 іс-шара жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының бір жылдық белесіне орай Көкшетауда өтіп жатқан «Саналы қоғам - сапалы даму» ғылыми-әдістемелік конференциясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова атап өтті.

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрында ұйымдастырылған тағылымды шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, ҚР Парламентінің Сенат депутаты Жеңіс Нұрғалиев, Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры Ерлан Арын мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков, «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиев қатысуда.
null 

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, бүгін таңда қазақстандықтар ел тарихындағы жаңа кезеңнің туындауына куәгер болып отыр. Оның ерекшелігі - Президент жариялаған жаңғырту үрдісі үш бағытта бірдей іске асуында, бұл - экономиканы жаңғырту, саяси жағырудың негіздерін қалаған конституциялық реформа және қоғамдық сананы жаңғырту.
null  

Сонымен қатар, дәл үшінші бағыт ең күрделі және кешенді болып табылады, өйткені, қазақстандықтар алдында қоғамдық сананы жаңғыру сияқты міндет болған жоқ. Ол - еліміздегі барлық өзгерістердің негізі, ал оның қосалқы бөлшектері - алты жоба.

Сондықтан да, Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ұлт алдында сананы жаңғырту сияқты терең міндеттің тұрмағанын атап айтуға болады.

Осы уақытта Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары табысты жүзеге асырылып жатыр.

null«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберіндегі бастау алған жобалар облыс тұрғындары арасында қызығушылықты тудырды. Жобалық офиске бастамашыл және бейтарап қарамайтын азаматтар келіп, өз ұсыныстарын немесе тілектерін білдіреді.

Қазіргі таңда өңірлік комиссия, жұмыс топтары қызметінің нәтижелері бар. Бағдарлама шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеудің тиімді алаңы болған өңірлік Сарапшы кеңес табысты жұмыс жасауда.

Рухани жаңғыру бағдарламасын басқарудың республикалық кеңсесі 1 жобаны, 110 шағын жобаны, 171 іс-шараны мақұлдады. Олардың ішінде, 2017 жылы 1 жоба (жастар саябағы), 46 шағын жоба және 60 іс-шара жүзеге асырылды.

Өңірде 2018-19 жылдары аралығында әлеуметтік бағыттағы жеке бастамалардың шеңберінде 34 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде 17 мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша», - деп атап өтті А.Мысырəлімова өз сөзінде.

Сонымен қатар ол өңірдің сегіз тұрғыны «100 жаңа тұлға жобасына» еніп отырғанын ерекше атап өтті.

Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосқаны үшін Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталады. Олардың арасында «Заречный» ЖШС директоры Уәлихан Әріпов, «Көкше Жемчуг» ЖШС басшысы Қанат Жəкенов, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Елена Дмитриенка, «Түсіпбеков» ЖК директоры Құралай Түсіпбекова, «Сарымсақты» ЖШС директоры Оралбай Глашев, облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев жəне «Жаңа толқын» жастар қоғамдық бірлестігі төрайымы Жайнагүл Қаппасова бар.

Соңғы жаңалықтар