Ақмола облысында алаяқтықпен 55 000 000 теңгенің мүлкін иемденген күдікті іздестіріліп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысын жасаған 37 жастағы ер адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, Көкшетау қалалық ІІБ-і ҚР ҚК 177-бабының 4-бөлімі бойынша алаяқтық қылмысын жасаған 1978 жылғы Көкшетау қаласының тумасы Дәурен Бақтыбекұлы Нұрмағамбетовты іздестіруде.

Ол 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қыркүйегі аралығында алаяқтық жолмен Т. Есімді азаматтың сеніміне кіріп алып, ірі көлемде мүлкін иемденіп алған. Осының салдарынан зардап шегушіге 55 000 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Соңғы жаңалықтар