Ақмола облысында аққуды атқандар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген аққуды атқан аңшылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы 7 қазанда Егіндікөл аудандық полиция бөліміне аумақтық орман шаруашылығының қызметкері хабарласып, белгісіз тұлғалардың «Жұлдыз» аңшылық шаруашылығы аумағында заңсыз аң аулаумен айналысатынын атйқан.

«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының 41 және 42 жастағы екі тұрғынын анықтады. Айтылған жерден атылған аққу, күдіктілерге тіркелген екі мылтық, сондай-ақ гильзалар, 60-тан оқ-дәрі, қорамсақ тәркіленді. Табиғатқа келтірілген шығын көлемі 5 миллион 250 мың теңгені құрайды», - деді ведомстводан.

Қазіргі уақытта заңсыз аң аулауға байланысты Егіндікөл аудандық полиция бөлімінің тергеушілер Қылмыстық кодекстің 337-ші бабы бойынша сотқа дейінгі іс тергеу амалдарын бастап кетті. Сонымен бірге, сараптама тағайындалды.

Айта кетсек, өңірде суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынған. Аққулар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізіміне жатады және саны азайып бара жатқан түрлер ретінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.


Соңғы жаңалықтар