Ақмола облысында әкімдік қызметкерлері төбелесіп қалды

None
None
 КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңес төбелесіп қалған қарамағындағы қызметкерлерді тоқтатпағаны үшін Краснояр ауылдық округінің әкімі Нұрлан Айсинға сөгіс жариялады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қызметтік тексеріс барысында анықталғандай, 2018 жылдың 11 қазанында Краснояр ауылдық округінің әкімі аппаратының ғимаратында  штаттан тыс хатшы-референт пен штаттан тыс маман сөзге келіп қалған. Даудың соңы төбелеске ұласып, салдарынан соңғысы дене жарақатын алған. Ол Краснояр ауылы емханасының медициналық куәландыруы арқылы расталған. Сонымен қатар, оқиғаның куәгері болған әкім аппаратының қызметкерлері де мұны айғақтаған.

Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңес ауыл округі әкімінің аппаратында жұмыс істейтін азаматтық қызметкерлердің арасындағы дау-дамайдың алдын алатын шараларды қолға алмағаны үшін Көкшетау қаласының Краснояр ауылдық окурігінің әкімі Нұрлан Айсинді жауапкершілікке тартылды.

«ҚР Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 9-тармағы 4-тармақшасының, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабы 8-бөлігінің ержелерін бұзғаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес оны «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарымға келді», - деп түсіндірді ведомстводан.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істер қаралды. Мәселен, Есіл ауданындағы Свободное ауылының әкімі Тілектес Жүсіпов заңсыз ағаш кескен ер адамды ҚР «Әкімшілік заңбұзушылық туралы» Кодекстің 50-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпаған. Осылайша, ол кінәлі тұлғаның жауапкершіліктен құтылып кетуіне жағдай жасаған.

Әдеп жөніндегі кеңес ҚР  Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 5-тармағы 3 және 7-тармақшаларының талаптарын бұзғаны үшін Свободное ауылының әкімі Тілектес Жүсіповті «қызметіне толық сай еместігін ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс Есіл ауданының әкіміне жолдады.

Соңғы жаңалықтар