Ақмола облысында «Ақ марафон» спартакиадасы өтуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында Калгари қаласында өткен XV Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Владимир Сахновтың құрметіне дәстүрлі «Ақ марафон» спартакиадасы өтуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Екі күнге жоспарланған биылғы «Ақ марафон» сайысына Астана, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Теміртау, Рудный, Көкшетау қалаларымен қатар, Шығыс Қазақстан облысынан, сондай-ақ, жергілікті Сандықтау жəне Бурабай аудандарынан барлығы 400-ге жуық спортшы қатысты. Классикалық жарыста ерлер шаңғымен 50, 20, 10 шақырымға жүріп өтсе, əйелдер 20, 10, 5 шақырым қашықтықтарда сынға түсті.

null 

Атап өтерлігі, бұл додада Алматы қаласында өткен 28-ші қысқы Универсиаданың қатысушылары Ольга Мандрика, Ринат Мухин сияқты танымал спортшылар да өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай қаласының спортшысы Виталий Пухкалов 50 шақырым қашықтық межені бағындырып, 1 орынды жеңіп алса, жасөспірімдер арасында өткен шаңғы жарысынан 30 шақырым қашықтықта оза шапқан сандықтаулық Роман Еремин жүлделі 1 орыннан көрінді.

null 

Қыз-келіншектер де сайыста есе жібермеді. Сандықтаулық Ольга Мандрика 20 шақырымдық қашықтықта жеңіс тұғырына көтерілсе, шығысқазақстандық Ульяна Удралионова өз қарсыластарынан үздік деп танылды.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» іріктеліп, ақтық бəсекеде жүлделі орыннан көрінген басқада спорт саңлақтары ұйымдастыру алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды.

null

«Ақ марафон» спартакиадасы аясында ауданда бұдан басқа да бірнеше спорттық шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. Үстіміздегі жылдың 8 сəуіріне дейін жалғасын табатын республикалық жарыстар аудан орталығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар