Ақмола облысында «Аға сарапшылар қызметі» халықаралық бағдарламаcының тұсаукесері өтті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Есіл ауданында «Аға сарапшылар қызметі» халықаралық бағдарламаcының тұсаукесері өтіп, онда елімізде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Есіл ауданында өткен шараға өңірдегі жеке кәсіпкерлер, әр салада жұмыс істеп жүрген қызметкерлер мен басшылар қатысып, қазақстандық бизнесті қолдау және дамыту мәселелерін талқылады.

Шара барысында қызметшілер мен басшылардың біліктілігін көтеру, әрбір нақты сала бойынша әлемдік білім және тәжірибемен алмасу, кәсіпорын менеджменті, маркетинг саясаты, жұмыс және өндіріс үдерісі, тауар сапасын арттырып, түрлерін көбейту, өндіріске жаңа технологияны енгізу, әлемдік стандартқа сай жұмыс істеу сияқты басқа да көптеген тақырыптар слайд арқылы көрсетіліп, мамандардың пікірі тыңдалды.

«Бұл жоба елдер арасындағы тығыз әріптестіктің арқасында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жүзеге асырылуда. Бағдарлама басталғалы 1000-нан астам өкіл қатысып, осыншама жоба жүзеге асты. Жобаның ерекшелігі кез-келген отандық кәсіпкерлерге Германиядан әр саладағы тәжірибелі сарапшыларды шақыртып, қызметшілердің біліктілігін арттыруға, шағын бизнесті ашып, барын онан әрі дамытуға мүмкіндік береді», деді өз сөзінде халықаралық әріптестік бойынша Германиялық қордың ресми өкілі С. Громова.

Еске сала кетсек, қазірдің өзінде жер қойнауын пайдалану бойынша Есіл ауданындағы «Арман-Гранит» ЖШС-іне шетелден сарапшы шақырылған екен. Шетелдік сарапшының сапары ағымдағы жылдың шілдесінде жоспарланған. Ол осында келіп, өз тәжірибесімен бөлісетін болады.

Соңғы жаңалықтар