Ақмола облысында Абылай ханға ескерткіш орнатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының Шортанды ауданында Абылай ханға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында Шортанды кентінде Ұлы қолбасшыға орнатылған ескерткіштің  ашылуы рəсіміне аудан әкімі Гүлнұр Сəдуақасова, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ахмедия Қожамсейітов, аудандық мəслихат депутаттары, қоғам белсенділері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, еңбек ардагерлері, жастар жəне БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада жиналғанlдар ескерткішке гүл дестелерін қойды.

«Ескерткіш қоладан мүсін ретінде құйылған. Ал тұғыры граниттен жасалған», - деп түсіндірді əкімдіктің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар