Ақмола облысында Абылай хан заманындағы қабір табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында егіс жұмыстары барысында арабша жазуы бар граниттен қашалған екі тақта пішінді қабір тасы табылды. Тарихи жәдігерді Қазақстан ауылына жақын орналасқан Уәли хан мазарынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде «Азияагрохим» ЖШС-нің директоры Б.Б. Козлов жыртылған жерден тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

21 мамырда Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-нің инспекторлары, «Зеренді ауданының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің» және «Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің мамандары мен жергілікті өлкетанушылардан құралған топ осы жерді зерттеді. Екі қабірден басқа, сол жерден тағы 30 шақты белгісіз мұсылман зираты анықталды. 

Аталмыш тарихи орынды кәсіби деңгейде анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институтынан (Алматы қ.) арнайы маман шақырылды.

Арабша жазуды оқу барысында сүйектер жерленген уақыт XVIII ғасырдың басы - XIX ғасырдың соңы деген алдын ала болжам жасалды, тастың біреуі - қажынікі, ал екіншісі - Абылай ханның қасында жүрген нөкерінікі деп болжам айтылып отыр.

Соңғы жаңалықтар