Ақмола облысында 927 қорап пиротехникалық өнім тәркіленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында сертификатталмаған 927 қорап пиротехникалық өнім тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылдың 17 желтоқсаны және 2020 жылдың 3 қаңтары аралығында облыс аумағында заңсыз пиротехникалық өнімдерді тасымалдау, сақтау және сату оқиғаларын алдын алу шарасы өтті.

«Акция барысында полиция қызметкерлері заңсыз пиротехникалық өнімдерді тасымалдау, сақтау және сатуды алдын алу үшін 195 базар, 211 дүкен және өзге де сауда орындарын тексерді. Тексеріс қорытындысында ҚР ӘҚБК 196 бабы бойынша 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 20-ы Көкшетау қаласының тұрғындары.

Сонымен қатар, сертификатталмаған 927 қорап пиротехникалық өнім тәркіленіп, 3 млн 345 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Жалпы, Ақмола облысында Жаңа жыл мерекесі күндері пиротехникалық өнімдерді қолдануда төтенше жағдайлар тіркелген жоқ», дейді ведомстводан.




Соңғы жаңалықтар