USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақмола облысында 800-ден астам адам құтқарылды, оның 92-сі - бала

2020 жылғы 1 ақпан 20:59
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында 800-ден астам адам құтқарылды, оның 92-сі - бала

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қаңтардың 26-29 аралығында болған боран кезінде құтқару жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы бойынша ТЖД бастығы Алексей Советов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды Токиода ер адам үйіне келген 3 медқызметкерді атып, біреуін мерт қылды Өскеменде трактор мен автобус соқтығысты

ТЖД бастығы атап өткендей, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында департамент ауа райының күрт бұзылатындығы туралы ескерту ақпарат алды. Жалпы, 20-31 қаңтар аралығында 41 SMS хабарлама жіберілді, оның 56-і «Darmen» мобильдік қосымшасы арқылы.

«Боран кезінде жолда қар құрсауында қалған 845 адам (оның 92 бала) және 593 техника (6 жедел жәрдем көлігі) құтқарылды. Сондай-ақ, 1446 адам (оның 131-сі - бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Жылыну орнына 2181 адам (оның 129-сы - бала) орналастырылды. Ерейментау ауданында - 90 адам, Бурабай ауданында - 107, Атбасар ауданында - 18, Целиноград ауданында - 812, Астрахан ауданында - 4, Сандықтау ауданында - 2, Есіл ауданында - 10, Аршалы ауданында - 3, Қорғалжын ауданында - 115, Шортанды ауданында - 35 және Степногор қаласында- 16 адам жылыну бекетіне жайғасқан», - деді А. Советов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT