Ақмола облысында 80 орындық ауыл мектебі ашылды
2022 жылғы 27 қаңтар 00:53

Ақмола облысында 80 орындық ауыл мектебі ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Целиноград ауданында 80 орындық ауыл мектебі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Раздольное ауылында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен 80 орындық мектептің ашылуы өтті. Екі қабатты кірпіштен салынған жаңа мектептің аумағы 2500 шаршы метр. Мектепке білім алуға екі ауысымда 75 оқушы барады.

Білім ошағының ашылуына аймақ басшысы Ермек Маржықпаев барып, ауыл тұрғындарын, ата-аналар мен оқушыларды қуаныштарымен құттықтады.

Жаңа мектепте ауыл балаларының заманауи талаптарға сай білім алуына қажетті химия, информатика, медициналық кабинет, екі мультимедиялық тәрізді кабинеттер бар. Шара барысында жергілікті «Ақтық» агрофирмасының басшысы М.Қамзебаев мектеп директоры Сәуле Шаймарданға 500 мың теңгенің сертификат табыс етті.


Jańalyqtar

MURAǴAT